• Ақпарат
  • 27 Мамыр, 2021

Көліктерді рәсімдеу жеңілдеді

«Саялы» шағынауданындағы №1 мамандандырылған ХҚО қайтадан көлік құралдарын рәсімдеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсете бастайды. 

«Осы жылдың басында «Автодом» сауда орталығында шағын бұрыш ашылды, онда көлікті қайта тіркеу қызметін тек бір оператор ғана ұсынды. Содан кейін жөн­деу жұмыстарына байла­нысты адам ең көп баратын №1 маман­дандырылған ХҚО-ның жүктемесін жеңілдетіп, қайта тіркеу қызметін алматылықтар үшін ыңғайлы ету мақсатында осы бұрышты кеңейтіп, оны автокөлік бойынша қызмет көрсету орта­лығының толыққанды сек­торына айналдыру туралы ше­шім қабылдаған болатынбыз. Бірақ ауданда көлік кептелісі және мамандандырылған ХҚО клиенттері үшін автотұраққа қа­тысты қолайсыздықтар жайлы азаматтардың өтініштерінен кейін, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев қызметтерді Алатау ауданының маманданды­рыл­ған ХҚО-сына қайтаруды тапсырды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы фи­лиалының директоры Данияр Қырықбаев.
Қазіргі уақытта көшіру (құ­­рал-қондырғыларды ажы­рату, көшіру және т.б.) жөнін­дегі ұйымдастыру іс-шара­лары басталды. Осыған байла­нысты  «Автодом» сауда орталы­ғындағы және «Саялы» шағын­ауданындағы №1 маман­дан­ды­рылған ХҚО сенбі күні жұмыс істемейді.
«Азаматтарға арналған үкі­мет» МК Алматы қаласы фи­лиа­лының директоры Данияр Қырықбаевтың айтуынша, «Автодом» бөлімінде бұрын электронды кезекке тапсырыс берген клиенттерді «Саялы» МХҚО-да қабылдайды.

Салтанат Қажыкен

4531 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы