• Саясат
  • 27 Мамыр, 2021

Өзара сенім мен түсіністікке негізделген қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ әділеттілік қағидасын басты қаруына айналдыра отырып, барлық елдермен өзара сенім негізінде ынтымақтастық құруға бағытталған бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда еліміз әлемнің 180-ге жуық елімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Шет мемлекеттерде Қазақстанның 60-тан астам елшілігі, халықаралық ұйымдар жанында алты тұрақты өкілдігі, сондай-ақ көптеген елдерде әр деңгейдегі консулдық мекемелері жұмыс істейді. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жарияланғаннан кейін  халық­аралық қатынастағы  аса  беделді  ұйымдарға, соның  ішінде 1992 жылдың 2-наурызда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сес­сиясында БҰҰ-ға толық құ­қықты мүшесі болып қабыл­данса, аймақтық деңгейде, Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО), Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ), Еуропадағы қа­уіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық кеңесі (NACC) және НАТО-мен «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік ынтымақтастықтың дербес субъектісі ретінде әр елмен өзара ықпалдасуын  қа­лып­тастыруы үшін тәуелсіз­діктің алғашқы сәтінен бастап халықаралық қатынастар сала­сындағы білікті мамандарды дайындауды қолға алды. Өйткені, Кеңестер Одағының дәуірін­де халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды Мәс­кеуде ғана дайындап, сыртқы саясатты тек «орталық» қана айқындайтын еді. Егеменді ел ретінде еліміз халықаралық қатынастар саласындағы мамандарын дайындау үшін 1992 жылдың көктемінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факуль­теті шеңберінде халықаралық қатынастар бөлімін ашқан болатын. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі Т.Сүлейменов, сол кездегі министр орынбасары, белгілі дипломат, саясаткер, бүгінгі мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та жас мамандарды дайындауда аса зор белсенділік танытты. Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі кәсіби қызметін атқара жүріп, университеттің алғашқы түлек­теріне дипломатиялық және консулдық қызметке қатысты пәндерден дәріс оқыды. 
Қазақстанда халықаралық қатынастар саласындағы ал­ғашқы толыққанды маман­дар 1995 жылы тұңғыш рет атал­мыш университетте ашыл­ған халықаралық қаты­настар факультетін бітіріп шық­қан болатын. Факультеттің ашылуына белгілі профессор Ж.Ибрашев ұйытқы болды. Халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы болған Г.Жамбатырова да жаңа мамандықты жетілдіру саласында орасан зор еңбек етті. Олар өздерінің адами қа­сиеттерімен қоса бар білімін жаңа мамандықтың қалыптасуы мен нығаюына арнаған болатын.Тәуелсіздік жылдарында білім алып, кәсіби деңгейлерін жетіл­дірген факультет түлектері бүгінгі күні еліміздің әлемдік деңгейдегі ынтымақтастығын нығайтуда өз үлестерін қосуда.

Б.З. БӨЖЕЕВА, 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетінің доценті

494 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы