• Әлеумет
  • 02 Маусым, 2021

1922 ауыл ауыз суға зәру

Тұрғындар саны 200 адамнан аспайтын ауылдарға су тазарту жүйесі орнатылады. 

Бұл туралы индустрия жә­не инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдындағы есебінде айтты. «Бүгінгі күні республика халқының 94,1 пайызы, яғни 17,7 млн адам сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 10,7 млн қала халқы және 7 млн ауыл халқы бар. Қазақстанда 6316 ауыл бар болса, соның ішінде 4394 ауылда ауызсу мәселесі шешілген. Сумен жабдықтауға қолы жетпей отырған 1922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған су құбырын салу жоспарлан­ған. Ал қалған 1129 ауылда тұрғындар саны 200 адамнан аспайды. Мұндай елді мекендерде жергілікті су тазарту жүйесі орнатылады», – деді ведомство басшысы.
Министр биыл сумен жаб­дықтау және су бұру жүйе­лерін дамыту жобаларына республикалық бюджеттен 151,4 млрд теңге бөлінгенін еске салды. «Жыл аяғында қала халқының 98%-ы және ауыл халқының 91,8%-ы судан тапшылық көрмейтін болады. 2025 жылға дейін халықты ауызсумен 100% қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Б.Атамқұлов.

256 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы