- Білім & Ғылым
- 30 Тамыз, 2021
Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады
Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі күз айының алғашқы күнінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен өңірдің білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды.
Облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 4 апатты және үш ауысымды мектептің 3-нің мәселесі 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешімін табатын болады.
Биылғы жылы бағдарлама аясында жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 44 мектеп бюджет, 3-уі – жеке инвестиция есебінен. Алдағы уақытта 44 мектептен 17-сі пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, 108 мектепті жаңғырту жоспарланған.
Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі осы айдың соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласына 2021-2022 оқу жылына орта білімді кадрларды даярлауға 52 мамандық бойынша 6 092 орынға мемлекеттік грант берілді. Оның 3 432 орны білікті жұмысшы кадрларды, 2 460 орны орта буын мамандарын, 200 орны қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бағытталған.
АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ
4201 рет
көрсетілді0
пікір