• Саясат
  • 07 Шілде, 2022

РЕСЕЙГЕ САЛЫНҒАН САНКЦИЯ БІЗГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТТІ?

Біздің кейбір компания Ресейге салынып жатқан санкцияның тізіміне түсіп қалуы мүмкін бе?

Өткен жетіде АҚШ сау­да министрлігі АҚШ-тың ха­лықаралық санкциялар туралы заңдарын бұзғаны үшін тоғыз елден 36 компанияны санкция тізіміне енгізді.Тізімде Қытайдың 25 компаниясы бар, қалғаны Ресей, БАӘ, Литва, Пәкстан, Сингапур, Ұлыбритания, Вьетнам, Өзбекстан елдерінен. Қара тізімге енуінің себебі, Ресей әскерінің Украинаға шабуылынан кейін күшіне енген санкция режи­мін бұзып, «Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдауға» жол ашатын әрекеттерге баруы мүмкін деген күдік тууынан болып отыр.

Біздің елдің компаниялары қара тізімге осылай еніп кетуі мүмкін бе?

– Қазақстанға қарсы мемлекеттік санкция бола қоймайды, өйткені біздің ел ешкіммен соғыспайды. Ал еліміздегі заңды тұлғаларға қарсы санкция салынуы мүмкін. Мысалы, егер біздің компания өзіне бір нәрсе сатып алса, оны Ресейге қайта сатса және бұл санкциялық тауар болса, онда бұл компанияға санкция қолданылуы ықтимал. Ал біздің бизнесмендердің Ресейден жаппай ұсыныс алатыны белгілі, – дейді қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов.

Біз Ресеймен және ЕАЭО-ның басқа елдерімен кеден одағындамыз және бәрімізде ортақ, бірыңғай кедендік шекара бар. Енді кедендік рәсімдеуді Қазақстанда немесе одақтың басқа елінде жасауға болады делік, одан әрі тауар кеден одағының барлық аумағымен біздің ішкі тарифіміз бойынша одақтың ішінде өтеді. Міне, осының өзі санкцияның көз алартуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

– Әрине, бұл жағдайда біздің мемлекетке санкция салынуы екі­талай, оның үстіне біздің Президент қазіргі геосаяси жағдай бойынша Қазақстанның ұстанымын нақты белгіледі. Бірақ біздің жекелеген ком­пания, мәселен, машина жасау саласында жеке схеманы іске асыра бастаса, әрине, Өзбекстан компаниясы сияқты санкция екпініне түсіп қалуы әбден мүмкін. Біздің компаниялар бір сәттік пайдадан сәл әрі қарай ойлауы қажет-ақ, – деп пайымдайды қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының (AERC) бас директоры Жәнібек Айғазин.

Біздің өндірістік қуат Ресей нарығына тәуелді, сондықтан санкция қаупі бар екенін басқа да сарапшылар жоққа шығармайды. Тау-кен, мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектің басым бөлігі Ресейден жеткізіледі. Бұл кәсіпорындар қазір санкцияға түстіп, ол бізге де проблема туғызып жатыр.

Ал Ресейдің Rusal компания­сына қарсы санкция енгелі бері еліміздің экономикасына зіл салмақ түсіп отыр. Ресейлік олиграх Олег Дерипасканың бұл корпорациясы Павлодар облысындағы «Богатырь Көмір» көмір кәсіпорнының 50%-на ие екені белгілі. Rusal-дың алюминий өткізу нарығы, міне, төрт айдан асты, шектеліп келе жатыр. Көмір сатып алу азайса, «Богатырь Көмір» ЖШС-інің өндірістік көрсеткішіне де жанама әсер ететіні сөзсіз. Мәселен, 2016 жылы Ресейдегі серіктестіктің көмір сату көлемі 12,8%-ға азайып, Ресейге жіберілетін көмір 9,2 млн тоннаға қысқарған еді, сондай жағдай биыл да басқа түсіп отыр.

Осы салада ұзақ жыл келе жатқан маман, еліміздің Тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының басшысы Николай Радостовецтің пікірінше, Rusal төңірегінде қалыптасқан қазіргі жағдай Еуразиялық өнер­кәсіп қауымдастығын (ERG) төмен­шіктетуі бек мүмкін. 
– Алюминий бағасы жеті пайызға өсті. Біздің осыны пайдалануымыз керек-ақ. Дәл қазір компания менеджерлері алюминий сүзілетін сазбалшықты сатудың балама нұс­қасын іздеуге алаңдауы керек. Иран бар, Қытай бар, Азияның өзге де елдері бар, жаңа нарық іздеуіміз керек, – дейді ол.
Ал Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытов алюминий сүзілетін сазбалшық үшін Ресей нарығы жабылып жатқанын ашық айтып отыр. Оның ақпараты бойынша Павлодардағы, қоспаланған алюминий өндіретін, Giessenhaus деп аталатын зауыт енді алюминий дискілерін өндіріп, Азия елдеріне сатпақ. 
– Санкциялар бізге әсер ететін болса, онда басқа, балама нарық табылады, менің ойымша, ERG ком­па­ниясының оған мүмкіндігі бар, – дейді Альберт Рау. 
Оның айтуынша, біздің алюми­нийдің негізінен Қытай мен Түркия сияқты қалыптасқан дәстүрлі на­рығы бар елдерге өткізу барысында бәлендей проблема болмайды, дегенмен өзімізде алюминийді қайта өңдеу жұмысын көбірек қолға алу керек. 
Бұл ғана емес, Ресей экономика­сындағы тұрақсыздыққа орай теңге кур­сының да ауытқып тұруы жалғаса беруі тағы мүмкін. Технопарк кәсіпкері Әлібек Нарымбай Ресейдегі SWIFT-ті өшірудің кеселі Қазақстандағы IT-саласына әсер еткенін айтады. Ол ажыратудың салдары IT-индустрияға ғана емес, сонымен бірге тауар сатуға, қызмет көрсетуге ықпал жасады дейді. Дегенмен ресей­лік IT-компа­ниялар біздің елде тұрып, елдің экономика­лық әлеуетін арттырып, оны дұрыс бағыттай отырып, шет­ел­дік ақша таба алатын жақсы IT-жобалар жасауы да мүмкін, дейді Әлібек Нарымбай.

ТӘУЕКЕЛ БАҚАШ

747 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы