• Қаржы
  • 28 Шілде, 2022

Өңірдегі кездесу

Үстіміздегі жылғы шілде айының орта шеңінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Атырау өңірінде болып, ардагерлер ұйымының өкілдерімен, көпбалалы аналармен, зейнеткерлермен және аймақ жастарымен кездесу өткізді.

Министр кездесу барысында көп­балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып, сондай-ақ әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте қазақ­стандықтарды зейнет­ақымен қамта­ма­сыз ету жүйе­сін жақсартудың жаңа тәсіл­дері туралы хабардар етті.

2021 жылы Атырау облысы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 193,5 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 29,3 %-ын құрап, төлемдердің жалпы сомасы 125,6 млрд теңгені құраған.

Зейнетақы мен жәрдем­ақы мөл­­шері жыл сайын артып келеді. Биыл 1 қаңтардан бастап базалық зей­нетақы мен жәрдемақы мөлшері 5%-ға, ынтымақты зейнетақы 7%-ға индекстелді. 1 сәуір­ден бастап инфляция дәлізін қайта қарауға байланысты барлық зейнетақылар мен жәр­­демақылар қосымша 4%-ға индекстелген.

Көпбалалы отбасыларға бюджеттен төленетін жәрдемақының 5 түрі және мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорынан төле­нетін төлемдердің 2 түрі бар. Биыл бұл мақсатқа 38,3 млрд теңге бөлініп, өт­кен жылмен салыс­тырғанда 13%-ға артық.

Министрдің айтуынша, қабыл­данып жатқан әлеуметтік қолдау шаралары елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға мүм­кіндік берді. 2020 және 2021 жылдары республикада тәуелсіздік жылдарынан бері бала туудың ең жоғары көрсеткіш­тері белгіленді (2020 жылы – 426,8 мың бала, 2021 жылы – 446,8 мың бала). Бұл ретте отбасында үшінші, төртінші, бесінші және одан да көп баланың туылуы бойынша оң үрдіс байқалатындығын, арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.

Мүгедектігі бар адамдарды тех­никалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету қазір әлеумет­тік қызметтер порталы арқы­лы жүзеге асыры­ла­тынды­ғын, порталда мүгедек­тігі бар адамдар оңалтудың техни­калық құралда­рын, сана­то­риялық-курорттық емдеу, жеке көмекші мен ымдау тілі ма­ма­нының қызметтерін және оларды жеткізушілерді өз бе­тін­­ше таңдай алатындығына мүмкіндік қарасты­рылған­дығын жеткізді.

Жыл басынан бері Атырау облы­сының тұрғындары портал арқылы 11 мыңнан астам оңалту шараларымен қамта­масыз етілген.

Кездесу барысында министр қазақ­­стандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда республикада 2,2 млн зейнеткер бар, оның 62,3 мыңы Атырау облысында тіркелген.

Министр жергілікті ат­қару­шы билік органдарын жұ­мыскерлердің еңбек құ­қық­тарын қорғау және өңірде еңбек жанжалдарын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударуға ша­қырды. Бүгінгі таңда Атырау облысында 9,5 мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым жұмыс істейтінін, оларда 278 мың жалдамалы қызметкер еңбек ететінін атап өтті. Өңір компанияларымен 242 мың жұмыскерді қамти отырып, жұмыс орындарын сақтау бойынша 3,7 мың меморандум жасалған. Ірі және орта кәсіпорындардың 97,8%-ы өз қызметкерлерімен ұжым­дық шарттар жасас­ты. Об­лыс­­тың 109 кәсіпорны 108 мың жалақысы төмен қыз­­­­мет­керлердің жалақысын 5-тен 50%-ға дейін көтерді.

«Жергілікті атқарушы органдар еңбек жанжалдары­ның алдын алу және олар­ға жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуі қажет. Жұмыс берушілердің ұжым­дық шарттар мен меморандумдар жөнінде жұмыс орындарын сақтау бойынша алған міндеттемелерін орындауына тұрақты мониторинг жүргізу маңыз­ды. Жұмысшылардың еңбек жағдайлары мен жалақы дең­гейіне қанағаттану­шы­лы­ғына үнемі сауалнама жүр­гізу қажет», – деді ол.

Гүлмира Мералина 

998 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы