• Экологиялық шара
  • 19 Тамыз, 2022

Экологиялық мәселелер –басты назарда

Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Маңғыстау облысының экологиялық мәселелері: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Шара ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, мұнай-газ компанияларының өкілдерінің басын қосты.

Аталмыш шара Каспий жаға­лауындағы елдер қоғамның назарын теңіздің қоршаған ортасын қорғау қажеттілігіне аударуға бағытталды. Сонымен қатар өңірдің экологиялық проблемалары Каспийдің биоло­гиялық ресурстарының сарқы­луымен, мұнайдың салда­рынан ластану тәуекелдері қаралды.

«EcoBatys» бастамасы аясын­да Маңғыстау облысының қо­ғам­дық бірлестіктері «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауы­мен халықтың экологиялық сауат­ты­лығын арттыруға, эко-мәдениетін қалыптастыруға, Каспий итбалығын сақтауға бағытталған 6 жобаны жүзеге асырады. Мұндай әлеуметтік жобалар ҮЕҰ-ға қолдау көрсе­тіп қана қоймай, өңірдегі экология­лық проблемаларды шешуге елеулі үлес қосуда», – деді Аза­мат­тық бастамаларды қолдау орта­лы­ғының басқарма төрағасы Ғалым Құрман.

Қоғам белсенділерінің пікі­рінше, өңірдегі экологиялық проблемаларды мемлекеттік ор­ган­дардың, ҮЕҰ-ның, ғалым­дар­дың, еріктілердің бірлескен күшімен ғана шешуге болады.

«Қазіргі мәселелердің бірі – Каспий итбалығының жойылып кету қаупі. Соңғы кезде осы түрге тиесілі жануарлардың саны соңғы уақытта азайып келеді. Каспий итбалығы – Каспий теңізінің басты жануа­ры. Мемлекеттік органдар мен ірі корпорациялардан бас­тап Каспий маңы аймағының тұрғындарына дейінгі барлық мүдделі тараптардың қолдауына сенемін. Бұл күрделі мәселені біз тек күшімізді біріктіру арқылы ғана шеше аламыз», – деді «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының» басшысы Адылхан Товасаров.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы