• Цифрлы Қазақстан
  • 19 Тамыз, 2022

Байланыс қызметкерлері қалай әмбебап маман атанды?

Ең ірі байланыс операторы саналатын «Қазақтелеком» АҚ Алматы облыстық басқармасының қызметкерлері техникалық ақауларды жоюға бағытталған сандық жүйе негізіндегі «Әмбебап маман» жобасы бойынша сынақтан өтті.

Бұған дейін Қазақтелекомның Алматы және Талдықорған қала­ла­рындағы абоненттерден байланыс желісіндегі ақау туралы шағым түскен жағдайда компаниядан 2 немесе 3 қызметкер баратын болған. Олар алдымен учаскедегі сандық желіге техникалық қызмет көрсетіп, желідегі зақымдануды анықтаса, кейін клиенттік жабдықты (модем, ID теледидар приставкасы) екінші маман жүргізетін. Өткен жылы «Алматытелеком» АҚ телекоммуникация желілерін пайдалану бөлімінің басшысы Алексей Наумов «бір терезе» қағидатын қолдану арқылы жағдайды түбегейлі өзгертуді ұсынды. Осыған орай, «Қазақтелеком» АҚ Алматы облыстық филиалының байланыс желісіндегі цифрландыру нәтижесінде екіжүзден аса жұмыскер «Алматытелеком» РДТ полигонының базасында бір-бірінің жұмыс ерекшелігін меңгеріп, «әмбебап» маман атанды. Сонымен өткен жылдың бірінші желтоқсанынан бастау алған қанатқақты жоба Алматы және Талдықорған қалаларында іске қосылған болатын. Биылғы жылдың сәуір айына дейін өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда абоненттердің желіден кетуі жиырма мыңға жуық азайған.

«Әмбебап мамандарды» даярлау жобасы ONEVISIT «CREDO-табыс мәдениетіне жол» ішкі бағдарла­масы аясындағы Қазақтелеком қыз­меткерлері бастамашы болған екі­жүзден астам жобаның бірі саналады. Үстіміздегі жылдың алтыншы маусымында Алматы өңірінде өткен қорытындылау сессиясында ұсынылған осы жоба ішінде 28-і үздік деп танылды. ONEVISIT – негізінен телеком қызметкерлерінің өздері жүзеге асыратын ең ауқымды жобалардың бірі.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

15194 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы