• Білім & Ғылым
  • 26 Тамыз, 2022

Ерекше балалардың ата-анасына білім гранттары берілуі мүмкін

Таяуда Алматы қаласында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішевтің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. Жиын барысында ол қор тұжырымдамасының талқыланып жатқандығын, осы мақсатта аталған қордың өкілдері өңірлерді аралап, тұрғындармен жүзбе-жүз кездесіп қор қаржысын тиімді жұмсау туралы ойларын ортаға салған онлайн-конференциялар ұйымдастыруда екендігін айтты. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдерінен және қоғамнан нақты жобалар мен ұсыныс күтетінін жобаға ұсынған ұйымдарға қор ақша төлемейтінін жеткізді.

«Біз ешқандай серіктестікке, қоғамдық ұйымға қаржы бер­мейміз деген шарт қойдық. Біз тиімді жобаларды жүзеге асыруға көмектесе аламыз, бірақ қолдауға емес», –деді Болат Жәмішев. Аталған жиынға 20-дан астам жо­ғары оқу орындарының өкілдері қатысып, оларды қызықтырған басты мәселе «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім гранттары мен осы грантқа үміткер талапкерлерге қойылатын ресми талаптарды сұраса, Қор басшысы грант үміткерлеріне нақты талап қоймай, тек қандай санатқа жататындар өтініш бере алатынын және грантты қандай студенттерге тиесілі екендігін оқу орындары өздері шешетіндігін түсіндірді.

«Қазақстан халқына» қорының білім гранттарын алу құқығын ерек­ше балалар тәрбиелеп отырған отбасы мүшелеріне де берілуі керек. Осындай баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың басқа да баласы бар. Отбасы ерекше баланың денсаулығы мен оңалтуына айына 200-500 мың теңгеге дейін жұмсап, жағдайын жасап жүргенде, өзге балаларына дұрыс көңіл бөлінбей, білім беру жағы кемшін түсіп жа­тады. Бұндай жағдайда сапалы білім туралы не айтуға болады?», – деді «Ерекше балалар ата-ана­лары одағының» республикалық ҚҚ бас­шысы Рауана Сағадиева.

Аталған одақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, білім берудегі инклюзиз көзқарастан бастап, ерекше балалар ата-аналарын қайта оқытуға дейін бірқатар ұсыныс дайындаған. «Ата-аналарды әлеу­меттік-педагогикалық және басқа да мамандық бойынша қайта даярлау екі мәселені шешеді: бір жағынан кадр тапшылығы, білікті мұғалімдер, ЛФК тренерлерінің жетіспеушілігі және т.б. екінші жағынан, бұл балаларымен үйде жұмыссыз отыратын ата-аналарға жалақысы да, әлеуметтік аударымы да, зейнетақысы да бар үлкен көмек», – дейді Р.Сағадиева.

Қор басшысы алдағы уақытта айтылған ұсыныстар тізімін талқылау бойынша қор қызметкер­лерімен кеңейтілген жиналыс өткізетіндігін айтты.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бағдарламалар мен жоба­лар­дың жаңа тұжырымдамасын осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған Ұлттық қайырым­дылық конференциясында таныстыратын болады. Ал 24 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында жұрт­шылықтың қатысуымен қор өкіл­дерінің қорытынды жиын болып өтті.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

3542 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы