• Ақпарат
  • 13 Қазан, 2022

Қазақстанда майнингпен айналысатын қанша компания бар?

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының цифрлық активтері туралы» заң мен 4 ілеспе заң жобалары мақұлданды. Заңға сәйкес, Қазақстанда майнерлер салық төлеуге міндеттеледі.

Энергетика вице-минис­трі Жандос Нұрмағамбетов елдегі майнинг қызметі қалай реттелетінін түсіндірді. «Майнинг қызметін жүргізетін компанияны тіркеу, майнингпен айналысатын компаниялардың тәртібі анықталды, қазір олар Цифрлық даму министрлігіне хабар береді. Олар өз компаниялары, құрылтайшылары, өндіріс алаңы, жұмыс істейтін майнинг фермасы тура­лы мәліметтерді ұсынады, сатып алынған, жеткізілген жаб­­дықтарды көрсетеді, осы жабдықты әкелу кезінде баж салығы төленген-төленбегенін көрсетеді. Яғни, толық ақпарат беріледі және бұдан былай майнинг тек осылай жұмыс істейді», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында тіл­ші­лерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігіне майнингпен айналысатын компания екенін хабарлаған 50-ге жуық компания бар. Цифрлық даму министрлігінде осы компаниялар туралы және олар қанша қуат өндіруді жоспарлап отырғаны туралы толық ақпарат бар.

«Біздің ақпаратымыз бойынша, майнингпен айналысқан 150 ком­панияның үштен бірі қызметін тоқтатты, майнинг өндірісі басқа елге кетті. Олардың елуге жуығы – ресми тіркелген майнинг ком­паниялары. Тиісінше, заңсыз майнер деп танылғандар қалады. Олардың жабдықты жеткізу, тұтыну және жұ­мыс істейтін орны бойынша шешілмеген мәселелері бар», – деді Ж.Нұрмағамбетов.

 

13400 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы