• Тарих
  • 24 Қараша, 2022

ҚАРАЕСПЕ ПЕТРОГЛИФТЕРІ

Қараеспе петроглифтері – тасқа бедерленген ежелгі өнер туындылары. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Шолақ тауындағы Қараеспе шатқалының батыс бөлігінде шоғырланған. Олар Сақ тайпаларының ежелгі мәдениет ескерткіші болып табылады.

Шатқалда қола, сақ дәуірі мен орта ғасырға тиесілі суреттер анықталып отыр. Сақ дәуірінің суреттері аса көркемділігімен ерекшеленеді.

Мұнда бұғылардың сұлбасын жіңішке оюмен әрлеген. Осы ерекше пішіндер б.э.д. VІІ-V ғасырларға жатады. Қараеспе жартастарында аңға шығу, шөпқоректі жануарларды жыртқыштардың қинап жатқан сәті, антропоморфты суреттер кездеседі. Арқарлар мен тау ешкілерін аулауға шыққан садақты салт аттылардың суреттері орта ғасырларға тән. Көне және өте ертедегі суреттер жиынтығы петроглифтер қашалған шоқы мен жартастардың бұдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын ғибадатхана аумағы болғандығын дәлелдейді.

111 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы