• Тарих
  • 12 Қаңтар, 2023

ШІРІК-РАБАТ ҚАЛАШЫҒЫ

Шірік-Рабат қалашығы – б.з. дейінгі ІV-II ғғ. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде, Жаңадария өзенінің ежелгі арнасының жағалауында орналасқан. Қалашықтың жоспары бойынша ұзындығы 850 метрге тең, ені шамамен 600 м болатын белестің сопақша кескініне сәйкес келеді. Қалашықтың ауданында зерттеу жүргізу барысында әр кезеңге жататын бірнеше бекініс белдеулерінің іздері анықталған. Ең үлкен алаң (42,16 га) жоспарында сопақ болып келетін және екі бекініс белбеуімен қоршалған көне қалашыққа тиесілі. Ескерткіштің орталық бөлігінде тікбұрыш іспетті бекініс орналасқан (12,4 га), ол да сол уақытқа жататын болса керек, оны ежелгі қаланың қамалы ретінде қарастыруға болады. Ежелгі қала ауданының оңтүстік жартысын (шамамен 20 га) әлдеқайда кейінірек жасалған қоныстың қабырғасы бөліп тұр, оның бекіністері толығырақ сақталған. Қалашық ені 40 м, тереңдігі (бекініс қабырғаларының негіздеріне дейін) 4,5 м болатын ормен қоршалған.

96 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы