• Спорт
  • 05 Қаңтар, 2023

Бибісара блицте тағы да жеңімпаз атанды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бес күнге созылған жаһандық додаға 50 елдің үздік 290 шахмат­шысы шаршы тақтада шайқасқа түсті. Байрақты бәсекенің ашы­лу салтанатында Халықара­лық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Қазақстанда шахмат спорты қарқынды дамып келе жатқандығын, оны білім беру бағдар­ламасына енгізген елдің бірі екендігімізді ерекше атап өтті. Сонымен қатар, қазақ халқы­ның қонақжай, данышпан халық екендігін, шахмат ойыны Орта Азияға баяғыдан бері танымал екендігін ерекше тілге тиек етті.

Жарыс регламенті бойынша рапид сынында әрбір ойыншыға 15 минуттан және әрбір жүрісіне 10 секунд уақыт қосылды. Ал шапшаң ойын блицте әрбір ойыншыға 3 минуттан, әрбір жүрісіне қосымша 2 секунд уақыт берілді. Шиеленіске толы өткен сайыстың нәтижесінде ерлер арасында рапид пен блицте 16-шы әлем чемпионы норвегиялық вундеркинд Магнус Карлсен ешкімге дес бермеді. Ал әйелдер бәсекесінде рапидте қытайлық Тань Чжунъи үздік атанды. Кү­міс жүлдеге жерлесіміз Динара Сәдуақасова табан тіресе, қола жүлде үндістандық Савита Шриге бұйырды. Жылдам ойнау стилінде отандасымыз Бибісара Асаубаева алтыннан алқа тағынды. Екінші орын үндістандық Хампи Конеруге бұйырды, ал үшіншіні Полина Шувалова місе тұтты.

НҰРЛАН ҚҰМАР

95 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы