• Спорт
  • 26 Қаңтар, 2023

Былғары қолғап шеберлерінің дайындығы қалай?

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) АҚШ-тағы жаттығуын қайта бастады. «Қазақ найзағайы» деген лақап атқа ие болған ол  өткен жылдың соңынан бері АҚШ-та жүр.

Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың аяғында Астанада өткізген. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ол аргентиналық Хуан Эрнан Леальды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Алайда, өткен жылдың аяғында спортшының Халық­аралық бокс ұйымы (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылғаны жария болды. Бұл боксшының жекпе-жектері арасындағы уақыт ұзақ­тығымен байланысты болуы мүмкін. IBO ережесі бойынша ауыр салмақты қоспағанда, әрбір салмақ санатындағы әлем чемпиондары тоғыз айда бір рет (ауыр салмақтағылар үшін бұл кезең – бір жыл) дәрежесін қорғауды талап етеді. Ережені бұзуға тек медициналық себеп бойынша немесе IBO-ның ше­шімімен ғана рұқсат беріледі.

Ал британдық боксшы Крис Юбэнк WBA Super/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион отандасымыз Геннадий Голов­кинмен жекпе-жек өткізгісі келетіндігін мәлімдеді. Ол үшін Крис Юбэнк отандасы Лиам Смитті бүгін өтетін айқаста жеңуі керек. Өз кезегінде К.Юбэнк Г.Головкинге қарсы биылғы жылдың жазында жекпе-жек өткізбек.

НҰРЛАН ҚҰМАР

93 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы