• Қаржы
  • 02 Ақпан, 2023

ҚазМұнайГаз: Шетелдік активтердің тиімділігі артады

«ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Бухарест қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті үкіметтік топтармен бірқатар кездесу өткізіп, KMG International компаниясының Румыниядағы бизнесін дамыту перспективаларын талқылады.

KMG International басшылығы­мен өткізген кеңесте М.Мырзағалиев компанияның 2022 жылғы операция­лық және қаржылық нәтижелерін талқылады. Сондай-ақ Petromidia мұнай өңдеу зауытының өндірістік нысандары мен басқару орталығына, Rompetrol брендімен жұмыс істейтін жанармай құю станцияларына барды.

«Еуропадағы күрделі геосаяси ахуал кезінде ҚМГ Румыния нарығына мұнайдың бірден-бір сенімді жеткізу­ші болып, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып отыр. Біз шетелдік активтеріміздің тиімділігін арттыруды көздейміз», – деп атап өтті ҚМГ басқарма төрағасы кеңесте.

Сонымен қатар М. Мырзағалиев KMGI компаниясының өз ішінде электр энергиясы мен бу өндіру үшін салып жатқан COGEN электр энергиясы мен жылуды аралас өндіретін электр стансасының құрылыс алаңында болды. ЖЭО құрылысы электр қуаты мен буға кететін шығынды азайтуға, мұнай өңдеу зауытына электр және будың үздіксіз әрі сапалы жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр энергиясының артық мөлшері Румынияның ұлттық желісіне сатылуы мүмкін. Айта кететіні, COGEN ЖЭО құрылысы 2013 жылы KMGI мен Румыния үкіметі арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум бойынша KMGI міндеттемелерін орындау мақсатында құрылған қазақстандық-румын инвестициялық қорының шеңберінде іске асырылуда.

KMG International компания­сының негізгі қызметіне Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу, сондай-ақ Румыния, Болгария, Грузия және Молдовада мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сату кіреді. Шикізатты бастапқы өңдеумен KMGI-ға тиесілі Petromidia мұнай өңдеу зауыты, ал қайталама өңдеумен Vega мұнай өңдеу зауыты айналысады. KMGI компаниясының еншілес ұйымы KMG Trading AG шикі мұнай және мұнай өнімдерін сатады.

Өткен жылы ҚазМұнайГаз ком­паниясының Rompetrol (қазіргі KMG International) компаниялар тобын сатып алғанына 15 жыл толды. Өзінің жалғыз акционерінің қолдауымен Rompetrol шикі мұнайды қайта өңдеу, шикізат пен мұнай өнімдерін сату, сондай-ақ Еуропа мен Қара теңіз аймағында отын дистрибуциясын дамытуды жалғастырды.

2007 жылы Rompetrolды иемдену ҚМГ-ның Румыния мен Қара теңіз аймағы алдындағы берік міндеттемесі болды, ол энергетика секторын нығайту және Еуропада өзінің қа­тысуын кеңейту үшін стратегиялық серіктестік нысанын қабылдады, сондай-ақ шикі мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етудегі тұрақтылық факторына айналды. 15 жыл ішінде ҚМГ компания­сы KMG International (Rompetrol) арқылы ірі отандық мұнай өңдеуші және авиация өнеркәсібі үшін отынның аса маңызды жеткізушісі мәртебесіне ие болды, игерілген инвестициялар, құрылған жұмыс орындары, мемлекеттік бюджетке аударымдар және өз өңіріндегі экспорты есебінен ұлттық экономикаға үлкен үлес қоса отырып, полимерлер, битум сияқты арнайы өнімдердің жалғыз өндірушісі позициясын бекітті. Румынияда болған 15 жыл ішінде ҚазМұнайГаз және KMG International өз инвестицияларын алынатын өнімді қайта өңдеу, әртараптандыру, сақтау, шикізат жеткізу және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу тізбегін дамытуға, өңірдегі Rompetrol жанармай құю станцияларын трендтер мен технологияларға сәйкес келтіре отырып жаңғыртуға және ұлғайтуға жұмылдырды.

Қазіргі контексте өз рөліне жауап­кер­шілікпен қарайтын компания 15 жылда әзірленген барлық жоба­ларды осы саланың тұрақты дамуына ықпал етуге бағыттауда. Бүгінде KMG International – жоғары білікті мамандарға, өндірістік және логистикалық бөлімшелердің берік база­­сына, барлық бастамаларды қолдай­тын акционерге ие табысты компания.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

24020 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы