Валюта бағамы: $ 397.56 445.94 5.82 ¥ 55.96

Қасым-Жомарт Тоқаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне барды. Мемлекет басшысы оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты, сондай-ақ, оқытушылармен, студенттермен әңгімелесті. Университет ректоры Ақылбек Күрішбаев Президентке молекулярлық биология мен гендік инженерияның заманауи әдістерін пайдалана отырып шығарылған ауыл шаруашылығы…

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында Экологиялық кодекстің жаңа редакциядағы жобасы қаралды. Сонымен қатар қарапайым заттар экономикасын, жергілікті қамтуды және импортты алмастыруды дамыту мәселелеріне ден қойылды. Экологиялық кодекстің негізгі қағидаттары мен жаңашылдықтары туралы экология, геология және табиғи…

Мемлекеттің қатаң бақылауында оң шешімін таба бастады  Өткен бейсенбідегі кезекті отырысында қаралған маңызды мәселелер қатарында Үкімет Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын бекітті. Соның нәтижесінде қазақстандықтар өмірінің орташа ұзақтығы екі жылда – қазіргі 73-тен 75 жылға дейін…

Соңғы жылдары «Самұрық-Қазына» қоры Трансформация бағдарламасын қайта қарап, онда өндірістік бизнес-процестерді цифрландыруға ерекше екпін қойды. Сөйтіп, Қор жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу мен енгізуді көздейтін нақты да қолжетімді мақсаттармен цифрлық трансформацияға көшті. Қазақстан экономикасын цифрландыруға, өсім нүктелерін айқындауға маңыз берілген…

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Осы орайда Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнаған мәлімдемесінде бұған жыл соңына дейін және орта мерзімді кезеңге инфляция және инфляция серпінін анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштер…

Ұлттық Банк 2019 жылғы 25 желтоқсанда номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан «Á.Qasteev «Búrkitshi» кол­лекциялық монеталарын және номиналы 100 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «I.Jansúgirov. 125 jyl», «S.Seifýllin. 125 jyl», «B.Mailin. 125 jyl», «T.Rysqulov….

Соңғы жылдары елімізде халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту, баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жұмыс атқарылды. Осы ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамалары мен тапсырмаларына сәйкес 2015 жылдан бастап жалғыз баспананы сақтап қалуға,…

Жетпісбай Бекболатұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің ең басты активі – ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тарту жұмысы соңғы кездері біршама жанданғанын атап өтуге тиіспіз. Орталық комуникациялар қызметінің мәліметіне сәйкес жердің 98,4 пайызы мемлекет меншігінде, ал…