Валюта бағамы: $ 412.55 465.73 5.79 ¥ 58.91

Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа кезеңдегі міндеттер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңе­сінің оты­рысы өтті.
Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

– Жамбыл облысында қар көшкіні сал­дарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды. Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайта­ланбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді Қазақстан Прези­денті.
Елбасы құзыретті мемлекеттік органдар­дың күш-жігері арқасында өткен кезеңде Қазақстанда сыртқы қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.
– Әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайына, отандық экономиканың қиын­шылықтарына қарамастан макроэко­но­ми­калық көрсеткіштерді тиімді деңгейде ұстап тұра алдық. Ішкі, өңірлік және жаһандық үдерістерге қатысты жүргізілген талдау алдағы кезеңдегі еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал сын-қатерлер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік берді. Қазір елімізде Қазақстан халқына жолдауда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер, ұсынылған саяси және конституциялық реформалар талқылануда. Жалпы, олардың дені республика тұрғындарының қолдауына ие болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қазір­гі кезде қауіптілігі өзекті болып отырған экс­тремистік және террористік әрекеттерге қарсы тұру ең әуелгі міндет болып табылатынын айтты.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мемле­кеттік органдарға басқа да салалар мен бағыт­тарға қатысты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.


Оқи отырыңыз

Пікір(4)

  • Дамира
    24.02.2017 at 12:19 pm

    Қар астында қаза болған жауынгерлердің отбасына қабырғамыз қайыса көңіл айтамыз. Бұл бүкіл қазақ елі үшін ауыр соққы болды.

  • Елдос
    24.02.2017 at 12:20 pm

    Қаза қайырлы болсын. Басқа не дей аламыз? Жауынгерлердің жандары жаннатта орын алсын…

  • Мақпал
    24.02.2017 at 12:21 pm

    Экстремизм мен терроризм әрекеттерінің алдын алуға барынща күш салға жөн. Сақтық шаралары күнбе-күн жүргізілуі керек.

  • Алмат
    01.03.2017 at 3:42 pm

    Қазіргі басты міндет – ұлттық қауіпсіздікті сақтау.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру