Валюта бағамы: $ 448.01 495.86 5.64 ¥ 63.19

Мармелад өндірісін іске қосты

«Рахат» акционерлік қоғамы Шымкент қаласында мармелад өндірісінің жаңа желісін ашты. Жаңа желістің ашылуы өткен жылдың көктемінде қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындағы серіктестік меморандумы нәтижесінде іске асырылды.

Бұл жоба барысында Қазақ­стандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 мил­лиард теңге инвестиция келді. Жаңа желістің ашылуының арқасында бұл аймақтың 80 тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі. Шымкент қала­сындағы фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тон­на мармелад шығаратын болады.
Осыған орай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Рахат» фабрикасының ашылуы шаһардың экономикасына оң ықпалын тиізетіндігін атап өтті. «Бүгін біз мармелад өндірісінің жаңа желісінің іске қосылуының куәсі болып отырмыз. Жоба аясында мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 миллион теңге субсидия төленді.Қазақстандық брендтің тәтті өнімдері ТМД елдерінің мәдени астанасы болып танылған қаламызға келген туристтердің алдында ұлттық беделімізді арт­тыруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан да «Рахат» фабрикасын ары қарай өндірісін кеңейтуге, қалаға инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға шақырамын», – деді М.Исахов.
«Рахат» АҚ басқарма төрағасы Константин Федорец оңтүстік мегаполисте өндірілетін мармеладтың ерекшелігін тілге тиек етіп, компания жоспарымен бөлісті: «Мармеладтық өнім сегментіндегі сатып алушылардың сұранысы бізге ішкі және сыртқы нарықтағы тұрақты өсімнің барын көрсетеді. Ол мармелад секілді құрамында қант көлемі аз кондитерлік өнімдерді тұтынудың қазіргі тенденциясымен байланысты. Шымкент қаласындағы өндірістік желінің іске қосылуы «Рахат» АҚ үшін стратегиялық қадам болды. Компанияның келесі жоспарларының бірі – өнім ассортиментін арттыру. Бүгінгі күннің өзінде де агар-агар, пектин, желатин секілдің таза шикізат негізіндегі жаңа мармелад түрлерін заманауи алдыңғы технологиялар арқылы құйып шығаруды қолға алып отырмыз», – деді.


Фабрика заманауи құралдармен жабдықталған. Бүгінде 30 аталым бойынша 6 өнімнің түрі өндіріледі. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша фабрикада 20 мың тонна өнім шығарылған.
«Алма-Ата» кондитерлік фабрикасы 1942 жылы құрылды. 1992 жылы кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы деп аталды. 2013 жылы Оңтүстік Кореяның «LOTTE Confectionery» компаниясы «Рахат» АҚ акцияларының негізгі бумасын сатып алды. «LOTTE Confectionery» Оңтүстік Кореяның көлемі бойынша 5-ші ең ірі конгломераты – LOTTE тобының еншілес компаниясы және де Оңтүстік Кореяның штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан жетекші кондитерлік компаниясы болып табылады. Бүгінгі күні «Рахат» АҚ-ның «LOTTE Confectionery» компаниясына тиесілі акцияларының үлесі 95,57 % құрайды.
Кондитерлік фабрика дистри­бьюторлық желісі жөнге салынған нарық көшбасшысы бола отырып, атауы 400-ден асатын жоғары сапалы кондитерлік бұйымдар өндіреді. Компанияның ассортиментінде шоколадты және желе кәмпиттері, карамель, ирис, шоколад тілімдері, печенье, вафли, зефир, драже және т.б. бар. Кейбіреулерінің Қазақстан нарығында аналогы жоқ.
Компанияның өнімі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қытай және басқа елдерде сатылады.
«Рахат-Шымкент» ЖШС 2000 жылдың 20 маусымында құрылды. 2001 жылдың жазында өнімдердің алғашқы шығарылымы жүзеге асырылды. «Рахат» АҚ серіктестіктің негізгі құрылтайшысы болып саналады, ал негізгі акционері «LOTTE Confectionery» корей компаниясы. Бүгінде мекеме толық қуатта қызмет етеді. Өндірістік қуаты жылына 24 мың тоннаға дейін өсті. Өндірілетін өнім ассортименті ал­уан түрлі: бисквит желісі қантты және қатты иеленген қамырдан жасалатын печенье, крекер, вафли, вафли түтікшілерін өндіреді, ал қант желісінде карамель мен зефир өнімдері шығарылады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру