Валюта бағамы: $ 448.01 495.86 5.64 ¥ 63.19

Таза болса табиғат – аман болар адамзат!

Алматы қаласында «Пластикпен ластану: шешімдер мен ынтымақтастықты іздеу» конференциясы өтті. Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушысы – осы саладағы көптеген экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға көмектесетін «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қорының қолдауына арқа сүйеген «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы» қоғамдық қоры және «Greenwomen» аналитикалық экологиялық агенттігі. Конференция БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен өткізілді.

Пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылауға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР БҰҰДБ, ЮНЕП, ЮНИСЕФ, Алматы әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің өкілдері қатысты. Конференция барысында халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға пластикпен ластану бойынша әкелетін қауіп, пластикалық қалдықтарды азайту саласындағы халықаралық және аймақтық тәжірибе, пластикалық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі халықаралық заң-нама және қызмет, сондай-ақ Қазақстандағы пластик қалдықтарын жинау және өңдеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Әлемдік қоғамдастық пен экологиялық ұйымдардың ерек­ше назарына қарамастан, плас­тикпен ластану қазіргі заман­ның маңызды экологиялық пробле­маларының бірі болып қала бермек.
Есептік деректер бойынша Қазақстанда 2018 жылы 483 755,5 тонна пластик түзілді. Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, сол жылы 90 079 тонна пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилентерефталат қаптамасының қалдықта­ры сұрыпталды, бұл пайда болған қалдық көлемінің 18%-ын құрайды. Бұл ретте қайта өң­деуге бағытталған пластик қалдықтарының көлемі 17 199 тоннаны құрады, бұл түзілу көлемінің 3%-ын және сұрыпталған пластик көлемінің 19%-ын құрайды. Пластмасса қалдықтарының экспорты 2018 жылы 5 962,5 тоннаны құрады.
2019 жылдың басынан бастап полигондарда пластикті көмуге тыйым салынды. Сол жылы полиэтилен пакеттерін ақылы пайдалануды енгізу бойынша меморандум жасалды. Бірақ елде әлі де проблемалар сақталып отыр, олардың ішінде мамандар негізгі мәселелердің бірі ретінде мүдделі тараптардың өзара әлсіз іс-қимылын атайды.
Маңызды мәселелердің бірі – қалдықтарды жинау және өңдеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, жинақтаушылар, қайта өңдеушілер, пластик қалдықтарын қалыптастырушылар арасындағы өзара іс-қимылдың төмен деңгейі болып табылады. Түрлі ұйымдар мен жеке бизнес инновациялық шешімдерді жиі ойлап табады, алайда пластик қалдықтарын жинау мен өңдеуді көздейтін қауіпсіз басқару жүйесінің жаппай таралуына әкелетін синергизм мен ынтымақтастықты құруға ықпал ететін жүйе жоқ. «Пластикті қайта өңдеуге «Иә!» деп Айт» жобасы аясында PlastNet желісі құрылды, ол түрлі мүдделі тараптарды біріктіреді және оларға плас­тик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту үшін құралдар береді», – деп атап өтті «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығының жобалар бойынша менеджері Юлия Душкина.
Пластик – бұл жаңа өнім өндіруге арналған құнды шикізат, бұл ретте ол бірнеше рет өңделуі мүмкін. Бұл тұрғыда пластикалық қоқыстың көп мөлшерде жиналуы және өңделуі өте маңызды. 2018 жылы Coca-Cola компаниясы қаптаманы өндіру және қайта өңдеуге толығымен қайта қарау ниеті туралы жариялады және 2025 жылға қарай толық қайта өңделетін қапта­маға көшудің жаһандық мақсатын белгіледі, 2030 жылға қарай нарыққа Coca-Cola шығаратын тұтынушылық қаптаманың 100% баламасын жинауға және өңдеуге ықпал етілмек. Бұл мақсаттар «Қалдықсыз әлем» (World Without Waste) қалдықтарды азайту жөніндегі компанияның жаңа стратегиясының орталық элементтері болып табылады.
Coca-Cola компаниясының Орта­лық Азия мен Кавказ елдеріндегі кор­поративтік байланыстар жөніндегі менеджері Александра Аккирман тү­сіндіріп өткендей: «Бүгінгі таңда әлемде біздің қаптамамыздың 56%–ы жиналады және өңделеді – бұл негізінен, Еуропа елдерінде және Жапония, ОАР, Мексика сияқты басқа өңірлердің жеке алынған елдерінде жинаудың және қайта өңдеудің жоғары дамыған жүйелері есебінен. Мұндай жүйелердің даму дәрежесі, әдетте, экономикалық әл-ауқат деңгейіне және мемлекет пен индустрияның буып-түю қалдықтарымен проблемаларды шешу үшін жұмсайтын күш-жігеріне байланысты. Табысты жұмыс істейтін жүйелердің бірнеше негізгі өлшемдері бар. Орама қалдықтары үшін жауапкершілік орама өндірушіде және ораудағы өнімдерде толық жатуы тиіс. Бұл өндірушілер өздері – жеке немесе салалық қауымдастық арқылы буып-түю қоқыстарын жинау мен өңдеуді ұйымдастыруы тиіс дегенді білдіреді. Біз Қазақстанда қаптамадағы тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар үшін кеңейтілген міндеттемелер жүйесі («ӨКМ») іске қосылғанына өте қуаныштымыз және өндірушілерден утилизация алымы өндіріле бастады. Біз осы жүйенің тиімді дамуын және жинау бойынша мәлімделген көрсеткіштердің орындалуын көргіміз келеді. Сондай-ақ, бағалы қалдықтар қайталама шикізат болуы үшін қайта өңдеу жүйесін де дамыту маңызды. Мемлекет тарапынан барлық тараптардың тіркелген міндеттемелері мен өкілеттіктері бар нақты реттеу болуы тиіс. Бұл жағдайда елде реттеушілік деңгейде қоқысты бөлек жинауды қамтамасыз ету өте маңызды. Егер бұл барлық азаматтар үшін міндетті болмаса, жүйе жұмыс істемейді».
Конференция сессияларының бірі пластикпен ластану мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар мен бас­тамаларды әзірлеуге арналған, оның барысында қатысушылар пластикпен ластану мәселелерін шешу үшін нақты шараларды талқылады. Конференция қорытындысы бойынша мүдделі тараптардың кең ауқымы арасында тарату үшін Резолюция әзірленді.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру