Валюта бағамы: $ 412.1 454.34 5.82 ¥ 57.62

Көрермендер қойылымдарды онлайн тамашалауда

Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры 19 наурыздан бастап қашықтан жұмыс істей бастады.

Қалалық қуыршақ театры­ның әртістері көпшілік қойы­лымдарды онлайн түрде өткізіп жатыр. Театр қызметкер­лері­нің жұмыс уақыты күндізгі сағат 14:00-де басталып, кешкі сағат 22:00-де аяқталады. «Біз сағат екіден бастап сахналық қойылымдарды бейнетаспаға түсіріп, оны Instagram, Facebook желілеріне жүктейміз. 14:30-да актерлік шеберлікке арналған видео сабақ, 15:00-де тікелей эфир ұйымдастырылады. Тікелей эфирге тек біздің әртістер ғана емес, өзге де театрлардағы әріптестеріміз, суретшілер, белгілі балалар психологтары шығады», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы қуыршақ театрының ұйымдастыру бө­лі­мінің меңгерушісі Мейірім Арғымбаева.
YouTube арнасы арқылы қазақ, орыс тілдерінде бес қойылым тамашалауға болады. 21 наурыз бен 18 сәуір ара­лығында актерлік шеберлік пен сахналық қозғалыс бойынша 21 мастер-класс өткен. 15 аудио ертегі жазылып, суретші, психолог, әртістердің қатысуымен 20 тікелей эфир ұйымдастырылған. Белгілі болғандай, қашықтағы жұмыс кезінде қойылымдар мен эфирлерді 19 350 адам тамашалаған.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қала­лық қуыршақ театры 2010 жылы ашылды. Театр ұжымы алғашқы күндерден бастап жас көрермендерді қызықты қойылымдарымен қуантып келеді. Оның репертуарында жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеп, тіл мен мәдениетті, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуге бағытталған 28 қойылым бар. Театр құрылғаннан бері кө­рермен назарына 28 премьера ұсынылған.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру